Павлодарлық дзюдошы Азия Кубогының жеңімпазы атанды

Павлодарлық дзюдошы Азия Кубогының жеңімпазы атанды
Фото: облыстық спорт басқармасы

Жарысқа 400-ден астам спортшы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық спорт басқармасының мәліметінше, «Батыр» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Танжарық Момынтай дзюдодан 60 келі санатында кадеттер арасындағы Азия Кубогының жеңімпазы атанды. 

Ташкенттегі кадеттер арасындағы Азия Кубогына Орта Азияның 400-ден астам дзюдошы қатысты. Үндістан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, БАӘ, Ресей елдерінен келген спортшылар өзара бақ сынасты.

Танжарық Момынтайдың салмақ дәрежесінде 60 спортшы өнер көрсетті.  Біздің спортшы алты жекпе-жек өткізіп, финалда оны Өзбекстаннан келген ең мықты дзюдошы, Азия чемпионы күтіп тұрды. Табанды күресте Танжарық 7:0 есебімен жеңіске жетті