Павлодарлық еріктілер ерекше балаларға сыйлықтар жеткізді
Сауапты іске мейірімді жандар атсалысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«VITA» іздеу жасағының еріктілері облыстық балалар психоневрологиялық орталығына барды, кішкентай туған күн иелерін құттықтап, сыйлықтар табыс етті.
– Бізге мүмкіндігі шектеулі балалардың тілектерін орындауға қарапайым адамдар – біздің сүйікті және мейірімді жазылушыларымыз көмектеседі. Тілектер мен өтініштер жазылған хаттарды ұйымның аккаунтына орналастырамыз, – дейді еріктілер.
Павлодарлық еріктілер қайырымдылық акциясына қатысқан барлық демеушілерге алғыс айтып, игі дәстүрді әрі қарай жалғастырмақ.