Павлодарлық мұз сарайында жаңа мұздатқыш орнатылды

Павлодарлық мұз сарайында жаңа мұздатқыш орнатылды
Фото:pixabay.com/ivabalk

Тәулік бойы мұз құю жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«ERTIS» хоккей клубының алдағы матчтарына дайындық қызу қарқынмен жалғасуда. Аренада жаңа HANBELL компрессоры орнатылып, мұз сапасын жақсартуға және энергияны үнемдеуге мүмкіндік берді. Қазіргі таңда мұз қабатының қалыңдығы 2 сантиметр, ал жаттығулар мен ойындарға арналған стандарт 6 сантиметрді құрайды. Жұмыс тәулік бойы тоқтаусыз жүргізілуде.

Еске сала кетейік, биыл хоккей маусымы уақытылы ашылмауы мұз сарайында мұздатқыш жабдықтарды қабылдауға дайын болмауымен байланысты болып отыр. 28-29 қазан «Құлагер»-мен және 1-2 қараша «Сарыарқа»-мен жоспарланған ойындар кейінірек мерзімге ауыстырылады.