Павлодарлық оқытушыларға Гонконг профессоры дәріс оқуда

Павлодарлық оқытушыларға Гонконг профессоры дәріс оқуда
Фото: Марғұлан университеті

Семинардың тақырыбы –  «Қазіргі заманғы жағдайда мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту», деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі    

Марғұлан университеті баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖОО-да Гонконг университетінің білім беру факультетінің қолданбалы педагогика кафедрасының профессоры Кэтрин Чан университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы үшін дәріс оқуда.

Педагогика саласындағы әйгілі халықаралық сарапшының дәрістері тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Оқытушылар мен студенттер ақпараттың тереңдігі мен көлемін, профессордың өз идеяларын аудиторияға түсінікті және қызықты етіп жеткізу қабілетін атап өтті.

Іс-сапар аясында Кэтрин Чан студенттермен кездесіп, өңірдегі мектептермен танысып, бакалавр, магистр, университет оқытушыларына және т.б. кеңестерін берді. Профессор өзінің педагогикалық бай тәжірибесімен, дарынды балаларды тәрбиелеудегі білім беру саясатын, әзірлемелер мен бастамаларды бағалау және жүзеге асыру, бағалау жүйесін реформалау, білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша теориялық және практикалық білімімен бөлісті.