Павлодарлық полицейлер алтыннан алқа тақты

Павлодарлық полицейлер алтыннан алқа тақты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Спортшылар арасында ұзақ қашықтыққа жүгіруден қалалық жарыс өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласында «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында «Ертіс» орталық стадионында әуесқойлар мен ардагер спортшылар арасында ұзақ қашықтыққа жүгіруден қалалық жарыс өтті. Онда ерлер 5 шақырым қашықтықта бақ сынаса, әйелдер 3 шақырымдық қашықтықта үздіктерді анықтады.

Бұл жарыста облыстық полиция ведомствосы мен «Арлан» спорт клубының намысын 40 жастан жоғары санаттағы жүгіруде полиция подполковнигі Әсел Абдраманова және 30-39 жас аралығындағы санатта полиция капитаны Малика Темірханова қорғады. Олар тамаша дене дайындығын, темірдей төзімділік пен нағыз спорттық мінез көрсетті.

Өз жас санаттарында жоғары нәтижелерге қол жеткізген тәртіп сақшылары бірінші орынды жеңіп алып, алтыннан алқа тақты.