Павлодарлық полицейлер күшейтілген режимге көшті
Жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау камераларының көмегімен бақылау күшейтілді, деп хабарлайды@Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сенбіден бастап ішкі істер органдарының жеке құрамы толық қызмет атқарудың күшейтілген режиміне көшті.
Тәуелсіздік күні қарсаңында полиция қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын күшейтті
Іс-шаралар өтетін жерлерде, сондай-ақ азаматтар көп жиналатын орындарда және мемлекеттік қорғауға жататын нысандарда полиция нарядтары көбейді.
Ішкі істер министрлігі іс-шаралардың өткізілуі кезінде қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.