Павлодарлық сапаржайда темекі тұқылын тастаған тұрғын айыппұлға ілікті

Жыл басынан бері полицейлер ұсақ бұзақылықтың 216 фактісін анықтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсақ бұзақылық – қоғамдық тәртіпке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың ең көп таралған түрлерінің бірі.
Мәселен, Павлодар қаласында сапаржай маңындағы алаңда жедел басқару орталығының камералары темекі шегіп, темекі тұқылын жерге тастаған адамды тіркеді. Тәртіп бұзушыға қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін полицейлер айыппұл салумен әкімшілік материал толтырды, – деді департаментте.
Тәртіп сақшылардың сөзінше, «Заң және тәртіп» қағидатын басшылыққа ала отырып, әрқайсымыз «Таза Қазақстан» акциясын белсенді қолдай отырып, дені сау, заңға бағынатын және қағидатты ұрпақты тәрбиелеуге өз үлесімізді қоса аламыз.