Павлодарлық шахматшы жылдың үздік партиясын ойнады

Павлодарлық шахматшы жылдың үздік партиясын ойнады
Фото: Руслан Мазунин

Катарда өткен ашық чемпионатта ол әлемнің ең үздік шахматшысын жеңген болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана қаласында KazChess Awards жүлдегерлері анықталды.

Шахмат саласындағы жыл үздіктерін Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов марапаттады. Бұл қатарда ойыншылармен қоса бапкерлер мен төрешілер бар, – делінген хабарламада

Анықталған жеңімпаздардың қатарында облыс спортшысы Әлішер Сүлейменов Qatar masters турнирінде әлем чемпионы Магнус Карлсенді жеңгені үшін «Жылдың үздік партиясы» аталымын жеңіп алды.

Былтыр қазақстандық шахматшылар түрлі халықаралық турнирлерде, әлем және Азия чемпионаттарында 100-ге жуық медаль жеңіп алған.