Павлодарлық жүргізуші полицейлерден жасырынғысы келіп, ағашқа соғылды
Мас болған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «ВАЗ-2107» маркалы автокөлігінің қозғалысы полицияның күдігін тудырған болатын. Тәртіп сақшыларынан жасырынбақшы болған жүргізуші жылдамдықты арттырған кезде Расковая көшесіне бұрылып, рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылды. Көлік салонынан шыққан ер адам қашып кетуге тырысқанда, полиция қызметкерлерінің қолына түсті.
– Медициналық куәландыру жүргізуші алкогольді күйде болғанын растады. Масаң түрде көлік жүргізгені үшін құқық бұзушы жауапқа тартылды. Материал сотта қаралды, онда қаулы бойынша бұзушы 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды, – деді департаментте.
Естеріңізге сала кетейік, тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында 11 желтоқсаннан бастап облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіуде. Оның шеңберінде 1271 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram