Павлодарлықтарды әсем гүл шоқтарын жасауға үйретеді

Павлодарлықтарды әсем гүл шоқтарын жасауға үйретеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Флорист арт-кездесуде гүлдердің түрлерімен таныстыратын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

3 мамырда сағат 16:00-де облыстық кітапханада «PavlodART» бейнелеу өнерінің ІІІ фестивалі өтпекші. Кештегі іс-шаралардың бірі - суретші-дизайнер және флорист Елена Золотухинамен «Таңғажайып флористика» атты арт-кездесу болады.

– Флористика – бұл гүлдер, жапырақтар, жемістер, жидектер шоғыры, кәмпиттер және әр түрлі декор негізінде гүл шоқтарын жасауға мүмкіндік беретін танымал бағыт. Біз сізге осы өнердің негіздерімен таныстырып, гүлдерді әдемі композицияға безендіру үшін дизайнерлік дағдылар мен аздап көркемдік талғам жеткілікті екенін көруді ұсынамыз,– деді облыстық кітапханада.

Дәріс бағдарламасына флористика туралы түсінік, гүлдердің кейбір түрлерімен, флористикалық материалдармен танысу кіреді. Келем деушілер үшін кіру тегін.