Павлодарлықтарға Конституцияның тарихы бойынша елуден астам басылым ұсынылады
Іс-шара Конституция күніне орайластырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың мәліметінше, 30 тамыз күні «Ата Заң – ел дамуының кепілі» атты кітап көрмесі өтеді.
– Кітап көрмесінде мемлекет пен құқық тарихы бойынша, Қазақстанның құқықтық демократиялық мемлекет ретінде қалыптасуы туралы, еліміздің Конституциясының тарихы бойынша 50-ден астам басылым, Конституцияның рөлі мен маңызы туралы ғылыми конференциялар материалдары ұсынылған, – дейді облыстық кітапхананың баспасөз орталығында.
Сонымен қатар, көрмеде Өмірәлі Қопабаевтың «Ата заң – мемлекет дамуының іргетасы», Ғайрат Сапарғалиевтың «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы», «Казахстан: этапы государственности» және тағы басқа кітаптарымен танысуға болады.