Полицей «Штрафстан» деген павлодарлықтарға жауап берді

Полицей «Штрафстан» деген павлодарлықтарға жауап берді
Фото: Константин Шелков

Ол жыл басындағы статистиканы келтірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Руфат Кенжин полицейлер жүргізушілерге жиі әрі негізсіз айыппұл сала бастады деген жалған пікірді жоққа шығарды.

– Мемлекет жол қозғалысы туралы заң қабылдады, жол қозғалысы ережелерін әзірледі, дегенмен біздің жүргізушілер бұл ережелерді кейде бұзатыны жасырын емес. Барлығына белгілі, егер сіз заңды бұзсаңыз, жауапкершілікті мойындау керек. Адамдар айыппұл салынуда деп шағымданса, демек, заң бұзылып жатқаны ғой, - дейді полицей.

Руфат Кенжин мүмкіндікті пайдаланып, «Кибер-шериф» негізсіз айыппұл салды деп айтып жүрген көлік жүргізушілері мен тұрғындарға үндеу тастады.

- Мен өзім БАҚ-та жүргізушілер «Кибер-шерифтен» өтіп, оларға айыппұл салынады деп жазғанын бірнеше рет оқығанмын. «Кибер-шериф» жүйесі автоматты түрде жұмыс істейді, яғни ережелерді бұзбасаңыз, айыппұлдар болмайды. Белгіленген жылдамдықпен көлік жүргізген адамға айыппұл салынуы мүмкін емес, - деп баса айтты Руфат Кенжин.

Жыл басынан бері адам өлімімен аяқталған сегіз жол-көлік оқиғасы болды. Облыс жолдарында 448 заң талаптарын сақтамау фактілері анықталып, жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында 42 мыңнан астам бұзушылықтар тіркелді. Жалпы сомасы 550 миллион теңге айыппұл салынып, сот шешімімен 243 жүргізуші куәлігінен айырылды.