Президенттік кадр резервіне кімдер қатыса алады?
ҚР Президенттік жастар резервіне үміткер жобасы 1 қыркүйектен 20 желтоқсан аралығында өтеді, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Павлодар облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі Қобланбек Кожин Президенттік кадр резервіне қатысып, ел дамуына өз үлес қосуға шақырады.
– Сіздер білетіндей, 1 қыркүйектен Қазақстанда Президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу басталды. Президенттік жастар кадр резерві – Қазақстанның жаңа басқарушылар элитасын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік лифт. Жобаға 35 жастан аспаған жоғары білімді, мемлекеттік тілді меңгерген, еңбек өтілі кемінде бес жылды құрайтын Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады, – деді Қобланбек Кожин.
Резервистер болашақта мемлекеттік басқарудың түрлі салаларында жұмыс істей алады: инфрақұрылым, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау, сыртқы саясат және инвестициялар, экономикалық және қаржылық саясат, әлеуметтік саясат, азаматтық қоғам, цифрландыру.
Іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады:
Қазақстан Республикасы Президенті іріктеу жастар резервіне қатысу үшін pk.reserve.gov.kz сайтына өтініш қалдыру;
мәтіндік және сандық ақпарат қабілеті бойынша тест тапсыру, ситуациялық сұрақтарға жауап беру.
Сарапшылар топтық және жаттығулар нәтижелері бойынша бағалайды. Үміткер сарапшылармен кездесу барысында өз идеясымен таныстырады. Барлық кезеңнің нәтижесі бойынша кандидаттар тізімін қалыптастырады.
Бұл жоба әр Қазақстан Республикасы азаматы қатысып, өз ісінің маманы екенін көрсете алатын мүмкіндік.