Прокурорлар екібастұздық кәсіпкердің құқықтарын қорғады

Прокурорлар екібастұздық кәсіпкердің құқықтарын қорғады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«ҚТЖ» филиалы басшының бірі заңсыз әрекеттері әшкереленді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінше, Павлодар көлік прокуратурасымен жеті ай бойы заңды жауап ала алмаған отандық инвестордың құқығы қорғалды.

– Кәсіпкер Екібастұз қаласында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық инвестициялық жоба шеңберінде екі миллиард теңгеден астам сомаға аймақта ірі логистикалық және құрылыс орталықтарын салуды жоспарлаған. Кәсіпкерге жобаларды одан әрі толыққанды дамыту үшін  кірме жол қажет болды,– делінген хабарламада.   

Алайда «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның филиалдарының жеке лауазымды тұлғалары инвесторға оның құрылысына рұқсатты келісуден бас тартқан, ал 2023 жылдың қазанында шағын бизнеске өз қаражаты есебінен ұлттық тасымалдаушының қажеттіліктері үшін қосымша жаңа темір жол төсемін салуды талап ететін техникалық шарттарды берген.

Айта кету керек, бұға дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ ұқсас жағдайда осы өңірдегі үш кәсіпкерге темір жолдарға жанасу үшін техникалық шарттардың қажеттілігі жоқ екенін түсіндірген. Барлық жағдайда берілген жауаптарға бір басшы қол қойған.  

– Көлік прокуратурасының араласуынан кейін ғана ұлттық компанияның «ойдан шығарылған» әкімшілік кедергісі жойылды, кәсіпкер алдында қойылған талаптар кері қайтарылды,– делінген хабарламада. 

Прокуратура актісі бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма басшылығымен техникалық шарттарды алу кезінде қосарланған стандарттарға жол берген лауазымды тұлғалардың кінәлілік дәрежесі және жауапкершілік түрі қарастырылуда.