Raava: павлодарлық жастар AI-тьютор жасады
Ол халықаралық емтихандарға дайындықты қолжетімді етеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Сыныптастары бейнеойын ойнап жүргенде, Павлодар қаласы №2 жалпы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Азамат Серік пен Astana IT University 1-курс студенті Марк Царенко EdTech саласының болашағын қалыптастыруда. Олардың Raava жобасы халықаралық емтихандарға дайындықты қолжетімді, ақылды және дербес етуге мүмкіндік береді.
IELTS немесе Digital SAT-қа дайындалу — бұл әрдайым стресс, тау болып үйілген оқулықтар мен репетиторларға жұмсалатын қаржы. Бірақ әр студенттің тәулік бойы байланыста болатын және оның барлық әлсіз тұстарын білетін жеке тәлімгері болмаса ше? Павлодарлық екі жас талант дәл осы мәселені шешуді қолға алды.
Raava жобасы — жастық жалын мен академиялық тәсілдің ұштасуы. Жас өнертапқыштар жай ғана кезекті тест сайты емес, күрделі емтихандарға дайындықты жоғары технологиялық процеске айналдыратын толыққанды AI-платформаны жасап шықты.
Raava-ның ерекшелігі бірінші кезекті - лездік кері байланыс: Платформа жазбаша жұмыстар мен ауызша жауаптарды IELTS-тің ресми критерийлері бойынша автоматты түрде бағалайды. Енді өз ұпайыңды білу үшін апта соңын күтудің қажеті жоқ. Екінішіден - жеке оқыту траекториясы: Алгоритм әрбір қатені талдап, оқу жоспарын өзі құрастырады. Егер студентте Reading секциясы немесе Writing-тағы логика ақсап тұрса, жүйе дәл осы модульдерге басымдық береді. Үшіншіден - шынайы симуляция: Платформа Digital SAT және IELTS емтихандарының интерфейсі мен күрделілігін толық қайталайтын тренажерларды қамтиды. Бұл студенттерді нағыз емтихан алдындағы қорқыныштан арылтады.

— Біздің мақсатымыз — сапалы білімді демократияландыру. Біз әрбір талапкердің тұрған жеріне қарамастан, әлемдік үздік жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндігі болғанын қалаймыз, — дейді әзірлеушілер.
Жастар Raava білім беруді цифрландырудың жаһандық трендіне толық сәйкес келетінін айтады. Стандартты қосымшалардан айырмашылығы — бұл AI-тьютор жай ғана дұрыс жауаптарды беріп қоймайды, ол білімдегі олқылықтарды анықтап, мазмұнды адамның қарқынына бейімдей отырып, оқуды үйретеді. Бүгінгі таңда жоба халықаралық мансапты армандайтын студенттерді қолдауға бағытталған.