Senat Open-2024: қанша павлодарлық финалға өтті?

Senat Open-2024: қанша павлодарлық финалға өтті?
Фото: Константин Музалевский

Интеллектуалдық сайысты жыл сайын өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Астанада «Senat Open» турнирі Парламент Сенатының қолдауымен және Қазақстан шахмат федерациясының (KazChess) ұйымдастыруымен алғаш рет өткізіліп отыр. Жарыс еліміздің барлық өңірінде, атап айтқанда 15 облыста және республикалық маңызы бар үш қалада ұйымдастырылды. Астанада өтіп жатқан финалдық кезеңге мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдерінен жиналған 120-дан астам шахматшы жолдама алды.

Павлодар облысының атынан финалға он адам өтті, оның ішінде «Ертіс Медиа» медиа холдингінің қызметкері, талдау және ақпараттық қауіпсіздік офисінің маманы Ернар Ибраев бар.

–  «Senat Open» турнирі мәслихат депутаттарын, қоғам қайраткерлерін және БАҚ өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстырған шахмат марафонына айналды. Сондай-ақ Қазақстан шахмат федерациясы мен жергілікті атқарушы органдар арасында өзара іс-қимылды нығайтуға септігін тигізді. Осындай ынтымақтастық шахматты халық арасында кеңінен дәріптеуді, мектеп бағдарламаларына шахматты енгізуді және зияткер ұлт қалыптастыруды көздейтін жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Бұл біздің ұлттық мүдде жолындағы басым бағыттарымыздың бірі. Биыл алғаш рет өткізілген Сенат кубогы дәстүрлі жарысқа айналады деп сенемін, – деді KazChess президенті Тимур Турлов.

Финалдық кезеңнің жеңімпаздары 31 тамызда 9 турдан тұратын рапид сайысының қорытындысы бойынша анықталады.