Сенбіде Павлодар облысында күн ашық болады
Қазгидромет 4 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
- ҚР-ның солтүстік аймақтарына әлі де антициклон жотасы өз әсерін тигізіп жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, - деді Қазгидрометте.
Облыста ауа температурасы күндіз -15 -17 °C, желдің жылдамдығы 2-7 м/с болмақ.
Фото: Константин Шелков