Шарбақты ауданында халыққа қызмет көрсету орталығының мекенжайы өзгерді
Орталық заманауи жабдықтармен жабдықталған және мемлекеттік қызметтерді тез және ыңғайлы алу үшін аймақтарға бөлінген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
1 қарашадан бастап Халыққа қызмет көрсету орталығы Малайсары Тархан көшесі, 42/1 мекенжайындағы ғимаратта орналасады. Бұған дейін орталық В. Чайко көшесі, 45/2 мекен-жайында орналасқан.
– 1 қарашадан бастап фронт-офис жаңа мекенжай бойынша азаматтарды қабылдайтын болады, – деді «Павлодар облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы директорының м.а. Салтанат Ауппаева. – Кеңсе заманауи жабдықтармен жабдықталған және мемлекеттік қызметтерді тез және ыңғайлы алу үшін аймақтарға бөлінген. Бөлімде ресепшн, құжаттарды беру, «жылдам» қызметтерді көрсету, өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары және eOtinish арқылы өтініштерді қабылдау пункті қарастырылған.
Естеріңізге сала кетейік, халыққа қызмет көрсету орталығы дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс істейді.