Шарбақты ауданының ауылында мердігер мәдениет үйінің күрделі жөндеуін кешіктіруде
Жаңа-Ауыл ауылының мәдениет үйінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Алайда, бұл жерде мердігер кестеден айтарлықтай артта қалуда: жоспардың 65%-ы ғана орындалған.
Облыс әкімі Асайын Байханов «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша көшелері абаттандырылып, әлеуметтік нысандары жөнделіп жатқан Шарбақты ауданына қарасты Жаңа-Ауыл ауылында болды.
Ауылға кіреберіс жолға және жалпы ұзындығы 4,7 км құрайтын бес көшеге асфальт төселді.
– Мектептің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Терезелері мен есіктері ауыстырылды, қабырғалары тегістелді, электр және жылумен жабдықтау жүйелері жаңартылды. Жұмыстар 95% орындалды, толықтай 25 тамызға дейін аяқтау керек, – деп жазды аймақ басшысы Іnstagram парақшасында.
Облыс әкімі аудан басшылығына кестеден артта қалу қаупі бар нысандарды бақылауға алуды және мердігерлермен проблемалық мәселелерді пысықтауды тапсырды.
Еске сала кетейік, Асайын Байханов Шарбақты ауданының Хмельницкий ауылындағы мектепті жөндеу жұмыстарын тексеріп шығып, мектептің электр жүйесін дереу реттеуді тапсырған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram