Шарбақтыдағы эко-батырлар қарттарға қамқорлық көрсетуде

Шарбақтыдағы эко-батырлар қарттарға қамқорлық көрсетуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шара «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Наурыз мерекесі — «Тазару күні» аясында «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде Шарбақты ауданында волонтёрлер жалғызбасты және жалғыз тұратын қарт адамдарды қолдау мақсатында акция өткізуде.

–  Олар ерекше қамқорлық пен мейірімді, көмекті қажет ететін жандарға көмекке барды. Қарттардың тұрғылықты мекенжайы бойынша арнайы барып, көмек көрсетті. Волонтёрлер - нағыз «эко-батырлар». Олар аулаларды тазалап, ретке келтіріп, еріген қар суының жиналуына жол бермей, үйлерді зақымданудан қорғауда, - делінген хабарламада.

Еріктілердің еңбегі тек физикалық жұмысыпен шектелмейді. Олар адамдарға жылу, қамқорлық пен қолдау сыйлап, қарттардың жалғыз емес екенін көрсетуде.

Ұйымдастырушылар осындай игі бастаманың арқасында қарттар өздерін қауіпсіз сезінетінін, олардың үйлері әркез қамқор көршілері мен еріктілердің қорғауында болатынын айтады.