Сыпайы және әдепті: Павлодар облысында жеке құрамның саптық байқауы өтті
Осындай байқаулар тәртіп пен ұйымшылдықты нығайтуға көмектеседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жеке құрам мен қызметтік автокөліктің саптық байқауын облыстық полиция ведомствосының бастығы Василий Скляр өткізді.
– Әр полицейдің сыртқы келбеті жинақы және ұқыпты болуы керек. Формасы қызметкерге ыңғайлы және сай болуы керек. Бұл бағытта ішкі істер министрлігі жаңа нысанды әзірледі. Қызметтік куәліктердің болуын, олардың қолданылу мерзімін, атқаратын лауазымы мен арнаулы атағының сәйкестігін, бейнежетондар мен планшеттердің жарамдылығы тексеріледі, – деп атап өтті Василий Скляр.
Байқау барысында генерал автокөліктің техникалық жай-күйін, стационарлық радиостанцияның, бейне-тіркеуішінің болуын, арнайы құралдармен және мүлікпен қамтамасыз етілуін тексерді. Жеке құраммен жол жүру ережелерін сақтау туралы нұсқаулық өткізілді.
Саптық байқау кезінде тәртіп сақшыларының сыртқы келбетіне, жетондардың болуына және қызметтік куәліктердің қызметкердің атағы мен лауазымына сәйкестігіне ерекше назар аударылды.
– Полиция қызметкерінің сыртқы келбеті бүкіл полицияның беделін көрсетеді. Сондықтан полицейлер киім кию ережелерін сақтауы керек. Полицейлер азаматтармен қарым-қатынас кезінде сыпайы және әдепті болуы керек, – деп атап өтті Василий Скляр.
Байқау нәтижелері бойынша анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті басшыларға тапсырмалар берілді. Іс-шара салтанатты шерумен аяқталды.