«Таза Қазақстан»: Павлодарда жалпыоблыстық сенбілік өтеді

«Таза Қазақстан»: Павлодарда жалпыоблыстық сенбілік өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тазалық күні 25 сәуірге жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, шаһардың тазалығына бейжай қарамайтын барлық тұрғындарды атаулы күнге белсенді қатысып, өз үлесін қосуға шақырамыз.

– Осы сенбі күні сағат 9:00-де Шарбақты көпірінің ар жағындағы аумақта ауқымды тазалық акциясы ұйымдастырылады. Қатысқысы келетіндер үшін арнайы көлік қарастырылған. Қатысушыларды жинау сағат 8:30-да Кривенко көшесі, 25А мекенжайында, «Amanat» партиясының облыстық филиалының автотұрағында өтеді, - делінген хабарламада.

Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі қатысушыларды қажетті құрал-жабдықтармен және қоқыс шығаруға арналған арнайы техникамен қамтамасыз етеді. Ауқымды акцияға қатысушылар үшін палау, бауырсақ және ыстық шай ұсынылады.

Ұйымдастырушылар тұрғындарды Павлодарды одан әрі көрікті, таза әрі әсем қалаға айналдыруға шақырады.