Тағылым: Павлодарда филармония өнерпаздары мектептерге барады

Тағылым: Павлодарда филармония өнерпаздары  мектептерге барады

Облыстық білім беру басқармасы мен И.Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық білім беру басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, меморандум аясында мамандандырылған мектептерде «Тағылым» атты мәдени-ағартушылық жобасы жүзеге асырылмақ.   

–  Жоба шеңберінде филармонияның шығармашылық ұжымдары қаланың білім беру мекемелеріне барып, концерттер, моно-концерттер, тақырыптық дәрістер, әңгімелер, шеберлік-сыныптар түрінде іс-шаралар өткізетін болады. Мұндай кездесулер барысында балалар классикалық, халықтық, заманауи музыкалық, хореографиялық өнермен танысып, ақпарат алады, – делінген хабарламада.  

Филармонияның шығармашылық ұжымы «Тағылым» жобасынның іске асырылуы ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға, оқушылар дүниесінің рухани дамып, ой-өрісін кеңейтуге, мәдени дәстүрлер негіздерін қалыптастыруға ықпал етеді деген сенімде.