Тегін палау, көрме: Павлодарда аналар қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді

Тегін палау, көрме: Павлодарда аналар қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді

Шараның мақсаты – көпбалалы аналардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мәшһүр Жүсіп мешітінде Республика күніне орай «Әйел-қыздар» секторы мен «Қазақ аналары дәстүрге жол» ҚБ шебер аналары қолөнер көрмесі мен қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. 

Ерлер өзара күш сынасып жарысып, аулада пісірілген палау  тегін таратылды. 

– Ортамыздағы шебер көпбалалы аналар баршылық. Олар өз қолымен жасаған бұйымдарын шығарып сатып, табыс табуда. Бұл шараның мақсаты – осындай аналарға өз кәсібін дамытуға қолдау көрсету,  қаламызда шеберлердің басын қосып, жастарды еңбекке баулу, – дейді «Қазақ аналары дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айжан Апсаттарова. 

Айта кетейік, бүгінгі таңда ұйымның құрамында қырық шақты шебер бар.