Тереңкөлдік кәсіпорын ет консервілерін өндіруді көздеп отыр

Тереңкөлдік кәсіпорын ет консервілерін өндіруді көздеп отыр
Фото: Константин Шелков

Цех Павлодарда ашылуға ниетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. тілшісі.

Павлодар облысның әкімі жұмыс сапарымен Тереңкөл ауданында болды. «Ет Бастау» ЖШС сою цехының басшысы Жанна Сұлтанованың мәліметінше, қазіргі таңда өндіріс көлемінің шамамен 70 пайызы мемлекеттік тапсырысқа бағытталған. Өнім тек өңір ішінде ғана емес, сонымен қатар басқа қалаларға да жеткізіледі.

– Біз қызметімізбен балабақшаларды, ауруханаларды, денсаулық сақтау мекемелерін және мектептерді қамтимыз. Қазіргі сатылым бағасы қосылған құн салығымен қоса алғанда 3000 теңге. Бағаны көтермеуге тырысамыз, себебі қоймалар мен тоңазытқыш камералар есебінен қор жинап, мемлекеттік сатып алуларға қатысуға мүмкіндік бар, – деді ол.

Жануарлардың орташа саны 40-50 басты құрайды. Шаруашылықта шароле ірі қара тұқысы мен алакөл асыл жылқысы өсіріледі. Барлық өндіріс санитарлық талаптарға сай жүргізіледі, кәсіпорынның жеке зертханасы мен тиісті сертификаттары бар. 

Оның айтуынша, компанияның басты мақсаты – өндірістік тиімділікті арттыру үшін жаңа жобаларға көңіл бөлу.

– Павлодардың шетінде цех ашуды жоспарлап отырмыз. Ол жерде мал азығына арналған жем өндіру және консервіленген ет бағытын қарастырамыз. Әртүрлі өнім шығаруға болады: паштет, бұқтырылған ет және тағы да басқасы, – деді Жанна Сұлтанова.

Өңір басшылығы да бұл бастаманы қолдауға дайын екенін айтты. Жоба жүзеге асса, кәсіпорын өз қуаттылығын кеңейтіп қана қоймай, аймақтағы нарыққа сапалы әрі қолжетімді өнім ұсынбақ.