Тереңкөл ауданында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Тереңкөл ауданында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті
Фото:pixabay.com

Зардап шеккен адамды ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 ақпанда Тереңкөл ауданы Қарасуық ауылының маңындағы жолда Volkswagen Vento автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол бойымен ілеспе бағытта келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кетті. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Тергеу жүргізілуде.