Жарты секунд: Павлодарлық спортшы қарсыласына есе жіберді

Жарты секунд: Павлодарлық спортшы қарсыласына есе жіберді
Фото: OLYMPIC.KZ

Чемпионат Қытай Халық Республикасының Ханчжоу қаласында өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодарлық спортшы Рината Сұлтанова Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында жүлдегер атанды. Велосипедші уақыт бойынша жеке жарыста үшінші болып мәреге жетті. Спортшы 18,3 шақырымды 25 минут 36 секундта бағындырды. 

Алтынды Өзбекстаннан келген велошабандоз Ольга Забелинская жеңіп алды. Оның нәтижесі – 24:35:99. Ойындардың күміс жүлдегері жапондық Эри Энамин болды. Ол қашықтықты 25:35:59 жүріп өтті.

– Жарыс күрделі болды. Бірақ біз бұған дайындалдық. Мен не болатынын елестетіп, бәрін жасадым. Екінші орынға таласта қарсыласыма шын мәнінде жарты секундқа қалып қалғаным өкінішті. Маршрут қиын емес, ешқандай арнайы бұрылыстарсыз, тек мәреде соңғы екі шақырым күрделі болды,– деді жарыстан кейін Рината Сұлтанова. 

Бұған дейін тағы бір павлодарлық спортшы қола жүлдегер атанған болатын. Батут гимнастикасынан өткен жарыстың финалында Виктория Бутолина қытайлықтарға ғана есе жіберді.