Жасанды кедергілер: Павлодарда аз қамтылған отбасылардың құқықтары бұзылды

Жасанды кедергілер: Павлодарда аз қамтылған отбасылардың құқықтары бұзылды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оларға тиісті көмек алу жолында заңсыз талаптар қойылған болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының прокуратурасы әлеуметтік жағынан осал азаматтардың коммуналдық шығыстары мен байланыс қызметтерін төлеу бойынша мемлекеттік көмек алу құқығын заңсыз шектеу фактілерінің жолын кесті.

Прокуратураның талдауымен аумақтық мәслихаттардың нормативтік құқықтық актілерінде жасанды әкімшілік кедергілердің болуы анықталды.

Аз қамтылған азаматтарға тиісті өтемақы алу үшін міндетті түрде белсенді жұмыспен қамту шараларына қатысу, күндізгі түріндегі оқу және жұмыссыз ретінде тіркелу қажет болған.

Осындай кедергілер Конституция қағидаттарына қайшы келді және қолданыстағы заңнаманы бұза отырып қабылданған.

Прокурорлардың қадағалау актілері бойынша аумақтық мәслихаттар нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізді. Заңсыз шектеулер алынып, нәтижесінде 2 мыңнан астам әлеуметтік жағынан осал азаматтардың құқықтары қорғалды.