«Жайлы Павлодар үшін жұмылу» қалалық мәслихат депутаттығына үміткер өз бағдарламасын жариялады
Нұржан Асқаров Павлодар қалалық мәслихатының депутаттығына үміткер. Өзін-өзі ұсынушы облыс орталығында шешімін табуы тиіс негізгі мәселелерді тізіп берді.
Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары!
Менің есімім Нұржан Асқаров, тамаша қаламыздың атынан қалалық мәслихат депутаттығына өз кандидатурамды ұсынамын. Мен қаламызды өте жақсы көремін және оның дамуы мен гүлденуі жолында қызмет істеуге дайынмын. Мен өзімнің сайлауалды бағдарламамда біздің өмірімізді толғандыратын бірнеше маңызды мәселелерге назарларыңызды аударғым келеді.
- Бірінші әрекетім – ауданымызда мобильді интернетпен қамту инфрақұрылымын жақсарту. Байланыс провайдерлерімен интернет жылдамдығын арттыру үшін жұмыс істейтін боламын.
- Екінші әрекетім – қаламыздағы балабақшалардың қолжетімділігін арттыру. Ата-аналардың басты мәселелерінің бірі балабақшадағы орын тапшылығы мен қабылдау кезіндегі кезек деп түсінемін. Сондықтан балабақшалардағы орындарды көбейту, қабылдау кезегін қысқарту бойынша биліктің барлық деңгейінде жұмыс істеймін.
- Үшінші әрекетім аула аумақтарының ішкі жағдайын жақсартуға бағытталады. Аулаларымыз балалардың ойын ойнайтын, тұрғындардың демалыс күндерін және бос уақыттарын өткізетін жер екенін бәріміз білеміз. Бірақ, өкінішке орай, көптеген аулалардың жағдайы нашар. Тротуардың біркелкі еместігі, жарықтандырудың болмауы және демалыс орындары мен ойын алаңдарының болмауы біз өмір сүріп жатқаны ортада қауіпсіздікті қамтамасыз етпейді. Егер мен сайланатын болсам, ең алдымен қаланың әр ауданындағы ішкі аулалардың жағдайын бағалайтын комиссия құрамын. Біз қаладағы әрбір ауланы абаттандырудың егжей-тегжейлі жоспарын жасап, инвесторларды тарту және жобаларды қаржыландыру үшін қажетті бюджетті анықтаймыз.
Мен ешбір саяси партияның кандидаты емеспін және ешбір партияның бағытын ұстанбайтынымды атап өткім келеді. Мен тек қала тұрғындарының игілігі үшін қызмет жасаймын.
Маған дауыстарыңызды беріп, сайлауда қолдау көрсетуді сұраймын. Жұмыла, бірігіп жасаған жұмысымыз қаламызды өмір сүруге қолайлы жерге айналдыра алады.
Республикалық бюджет есебінен төленді
Суретті кандидат ұсынды