Железин ауданы картоп өнімінен жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді
Жергілікті дүкендерде картопты 90 теңгеден аспайтын бағамен сатуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Егіс алқаптарының жалпы көлемі 208,8 мың гектарды құрайды, оның ішінде 120 мың гектар дәнді дақылдар, 91 мың гектар бидай егілді.
– Железин ауданы – ауыл шаруашылығы дамыған аудандардың бірі. Барлық агротехнологиялық талаптарды сақтау, заманауи технологияларды қолдану арқылы біздің ауданымыздан биыл рекордтық өнім алдық, – деді аудан әкімі Айтуған Шайхимов.
Бидайдың өнімі 201 мың тоннаны құрады. Орта есеппен алғанда өнімділік гектарынан 22 центнер болды.
– Бұл біздің аудан үшін өте үлкен көрсеткіш деп айтуға болады. Одан басқа Қазақстан және Алакөл ауылдық округтерінің бірқатар шаруаларының кейбір алқаптары бидайдың өнімділігін 50 центнерден асуымен көрсеткіштерге жетті, – деді ол.
Бұдан бөлек биыл майлы дақылдардың алқабы анағұрлым ұлғайтылды. Егер өткен жылы 32 мың болса, биыл 59 мың гектар жерге күнбағыс егілді. Шығымдылығы биыл орта есеппен 20 центнерді құрап отыр, 100,1 мың тоннадан асуымен күнбағыс өнімі жиналды.
– Картоп өнімі де жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді . Биыл 1,7 мың гектар жерге картоп егілді. Шамамен 365 мың центнерден өнімділік алынып, 62 мың тонна өнім жиналды, – деп атап өтті аудан әкімі.
Картоптың мол шығынына байланысты аудан дүкендерін азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін бір шаруа қожалығымен меморандум жасалып, картопты 90 теңгеден аспайтын және де сәбізді 8 теңгеден аспайтын мөлшерде ұсынылады.
– Қазіргі күні мал қыстаққа тұрды. 86 мың гектар алқаптан шөп шабылып, 72 мың тонна мал азығы дайындалып қыстақтарға жеткізілді, – деді ол.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері техникаларын жаңартуда, астық салатын қоймаларды салуда. 24 трактор, 16 комбайн, 8 жүк тиегіш және 5 өзі жүретін бүркегіштер сатып алынды. Соңғы күз айларында екі астық қоймасы іске қосылды. Биыл жалпы 178 техника сатып алынды. Ауыл шаруашылығына 7 миллиард 516 миллион теңге инвестиция құйылды.