Жылжымалы медицина: Ертіс ауданының тұрғынынан ісі анықталды
Оған дәрігерге қайта тексеруден өту ұсынылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысында бес жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді. Олар аймақтағы медициналық мекемесі жоқ елді мекендерге барып, тұрғындардың денсаулығын тексеріп тұрады.
Жыл сайын ЖМК бригадасы Ақсуд қаласынан шығып, қала маңындағы ауылдарға, сондай-ақ Ертіс және Ақтоғай аудандарына барады. Елді мекенде 500-ге дейін адам тұратын болса, жылжымалы кешен бір немесе бірнеше күн жұмыс істейді.
– Кез келген адам диагностикадан өтіп, ақыл-кеңес ала алатын осындай кешендер біздің шет аймақтарға келгені жақсы. Бұл қызметтердің барлығын медицина қызметкерлері тегін көрсетеді, – дейді Северное ауылының тұрғыны Бәткен Жақыпова.
Егер пациенттерге мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық, медициналық көмек қажет болса, ЖМК тобы қосымша тексерулер мен емдеуді түзету үшін облыстық емханаларға жолдама береді. Көбінесе ауыл тұрғындары анемия, қандағы қанттың жоғарылауы, асқазан-ішек жолдарының аурулары, артериялық гипертензия, тірек-қимыл аппаратының патологиясы, варикозды кеңею, ауыз қуысының ауруларымен жүгінеді.
– Бірнеше жылдан бері бізге медициналық кешен келіп отырады. Барлығы өте мұқият. Мамандардың ұсынысы бойынша емдеу шараларын жүргіземіз, – дейді медбике Наталья Вовшик.
Ақсу қалалық жылжымалы медициналық орталығының мамандары Северное ауылының 64 жастағы тұрғынына қатерсіз түзіліс - бауырда киста бар деген диагноз қойды.
- Біз науқасқа тұрғылықты жері бойынша кеңес алуды және жарты жылдан кейін қайта бақылаудан өтуді ұсындық, - дейді Ақсу қалалық ауруханасының хирург дәрігері Бейғам Аманкелді. Оған операция қажет болуы мүмкін.
Маманның бақылауы өтінде тасы бар 91 жастағы Северный тұрғынына да қажет. Жалпы, ЖМК командасының құрамына жалпы тәжірибе дәрігер, клиникалық лаборант, рентген лаборанты, ультрадыбыстық дәрігер, тіс дәрігері, окулист, гинеколог, хирург, оториноларинголог, дерматовенеролог кіреді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жоспары бойынша Ертіс ауданында жылжымалы медициналық кешенінде 1372 адамды қабылдау жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде аудан тұрғындарының 45 пайыздан астамы тексеруден өткен. Северное ауылында 946 адам тұрады, оның төрттен бірі балалар.