«Жөргектер бизнесі» : Павлодарда декреттегі аналарға арналған шеберлік сағаты өтеді

«Жөргектер бизнесі» : Павлодарда декреттегі аналарға арналған шеберлік сағаты өтеді
Фото: Константин Шелков

Білікті мамандар балалар және әйелдер гигиенасы саласында жеке бизнесті құру бойынша кеңестерімен бөліседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

22 тамыз күні сағат 15:00-де Жастар бастамаларын дамыту орталығында шеберлік сағат өтеді. Аталмыш іс-шараның спикерлері көтерме тауарлардың таратушысы Айжан Шахзадина, «Du_lu_lu.kz» балалар тауарлары жеткізу дүкенінің иесі, «Мама знает» балалар подгузниктері брендының топ-партнері, «Подгузниктер бизнесі» авторлық курсының жетекшісі Айнұр Ташубаева. 

Мастер-класс барысында келесі тақырыптар қарастырылады: 

– Павлодарда минималды инвестициялармен бизнес ашу; 

– Әдеттегі адамға алғашқы клиенттерді қайдан табуға болады; 

– Визитканы қалай рәсімдеу керек, адамдар оны көргенде сатып алғысы келсін; 

– Инстаграмсыз қалай сату керек; 

–  Әлеуметтік желілерде жарнаманы қалай іске қосу керек; 

Сондай-ақ, қатысушыларды сыйлықтар ұтысы күтуде.

Айта кетейік, тіркелу үшін +77767373067 нөміріне хабарласуға болады.