Қазақстандық спортшы әйелдер күресінен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы әйелдер күресінен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
фото: https://olympic.kz/ сайтынан

Жарыс Иорданияның Амман қаласында өтуде, деп хабарлайды olympic.kz тілшісі. 

Жәмилә Бақбергенова Азия чемпионатында 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Қазақстандық балуан финалдық бәсекеде Қытай спортшысы Юци Люден 4:1 есебімен басым түсті. Осылайша ол Азия чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы бұл чемпионатты екі жүлдемен аяқтады. Бұған дейін Зейнеп Баянова қола медаль иеленген болатын.