Құтқарушылар Баянауылда батпаққа батып қалған әйелге көмектесті

Құтқарушылар Баянауылда батпаққа батып қалған әйелге көмектесті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқиға Сабындыкөл маңында болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

– Баянауыл ауылында, Сабындыкөл көлі маңында 112 пультіне әйел адамнан құтқарушылардың көмегі қажет екені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел түрде шықты. Оқиға орнына келгенде үй жануарларын айдап бара жатқан әйелдің батпақты жерде тұрып қалып, өздігінен шыға алмағаны анықталды, - делінген хабарламада.

Құтқарушылар мен прокуратура қызметкері жедел түрде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп, зардап шегушіні қауіпті аймақтан шығарып, жедел медициналық көмек бригадасына тапсырды.