1 сәуірде Павлодар облысында жаңбыр жауады

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидрометтің» мәліметінше, облыста күндіз +8...+13°C, өңірдің оңтүстігінде мен шығысында жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +1...+6°С жетіп, жаңбыр күтілуде.
Жел оңтүстік-батыстан соғады.
Павлодар қаласында термометр күндіз +11...+13°C көрсетеді, жауын шашын күтілмейді. Ал түнде ауа температурасы +2...+4°C жетіп, жаңбыр болуы мүмкін.