1 шілдеде Павлодардағы орталық жағалауда мемлекеттік органдардың басшылары азаматтарды қабылдайды
Кешкі уақытта өтетін қабылдауда облыс тұрғындары өтініш, арыздарын білдіре алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облыстық әкімдігінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 шілдеде сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін облыстық мемлекеттік органдардың басшылары орталық жағалаудағы «Ertis promenade» сахнасында «Азаматтарды Бірыңғай қабылдау күнін» өткізеді.
– Өңірдің әрбір тұрғыны жағалауға келіп, өз сұрақтарын қойып, кеңес ала алады. Сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік және медициналық көмек, жұмысқа орналасу және білім беру қызметтері, кәсіпкерлік қызмет және т. б. салаларда ұсыныстар немесе ескертулер енгізе алады, – деді әкімдікте.
Консультациялар өткізеді:
- Полиция департаменті
- Білім басқармасы
- Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
- Денсаулық сақтау басқармасы
- Ауыл шаруашылығы басқармасы
- Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы
- Еңбек басқармасы
- Жер қатынастары басқармасы
- Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі
- Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі
- Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі
- Павлодар қаласының жұмыспен қамту орталығы
- Мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі
Фото: Константин Шелков