10 маусымда Павлодар облысында қатты жаңбыр мен жел күтіледі

10 маусымда Павлодар облысында қатты жаңбыр мен жел күтіледі
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы секундына 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Қазгидрометтің ақпараты бойынша, облыста температура түнде +17...+ 22°C болады.

Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, кейде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз +27...+ 32°C жылы болады, дауыл соғады. 

Павлодарда түнде + 18...+20°C, айнымалы бұлтты, кейде қатты жаңбыр жауып, күн күркірейді. 

Күндіз сынап бағанасы +29...+ 31°C көрсетеді.