12 маусымда Павлодар облысында жаңбырлы ауа райы күтіледі
Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с-қа жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс аумағында түнде ауа температурасы +15…+20°C болады. Батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен найзағай күтіледі.
Күндіз ауа температурасы +26…+31°C дейін көтеріледі. Жаңбыр, найзағай, ал облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде бұршақ пен қатты жел (дауыл) болуы мүмкін.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +16…+18°C шамасында болады. Аспан бұлтты, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз сынап бағанасы +28…+30°C дейін көтеріледі. Ауыспалы бұлттылық, жаңбыр, найзағай және бұршақ болуы мүмкін.