15 шілдеде Павлодар облысында аптап ыстық 37 градусқа дейін жетеді
Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Синоптиктердің болжамынша, Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +18…+20 градус болады. Көшпелі бұлтты ауа райы сақталып, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз сынап бағаны +35…+37 градусқа дейін көтеріледі. Ауа райы көшпелі бұлтты болып, жауын-шашынсыз өтеді.
Облыс бойынша түнде ауа температурасы +17…+22 градус аралығында болады. Жауын-шашын күтілмейді. Күндіз өңірде қатты ыстық сақталып, ауа температурасы +32…+37 градусқа дейін жетеді. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал.
Мамандар тұрғындарға күннің ең ыстық уақытында ұзақ уақыт далада болмауға, жеткілікті мөлшерде су ішіп, күннен қорғану шараларын сақтауға кеңес береді.