15 тамызда Павлодар облысында жауын-шашын күтіледі

15 тамызда Павлодар облысында жауын-шашын күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, жұма күні ауа температурасы күндіз +18...+23 °C болады. Жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды, дауыл соғады

Павлодарда сынап бағанасы күндіз +21...+23 °C-ты көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.