17 желтоқсанда Павлодар облысында бұрқасын соғады
Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, сәрсенбі ауа температурасы -13...-18°C болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын күтіледі.
Павлодарда сынап бағанасы -14...-16°C-ты көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.