19 қазанда Павлодар облысында күн ашық болады
Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыс бойынша түнде температура -2...-7°C, күндіз +6...+9°C көрсетеді, жауын-шашын күтілмейді.
Павлодарда түнде -4...-5°C, күндіз + 8...+ 10°C көрсетеді.
Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша тұман, жел күшейеді, солтүстік аудандарда – көктайғақ, оңтүстікте – найзағай күтіледі.