20 қаңтарда Павлодар облысында қар жауады
Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, ауа температурасы күндіз -12...-17°C, облыстың шығысында -20 °C-қа дейін төмендейді.Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, ал солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман күтілуде.
Павлодарда сынап бағанасы -12...-14 °C-ты көрсетеді. Көшпелі бұлтты, қар, бұрқасын болады.