20 жыл жаңартылмаған: Павлодарда орталық жағалаудың келбеті түрленеді
Шаһар басшысы аптасына екі рет күрделі жұмыс барысын тексеріп тұрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы қала әкімі Хасар Хабылбеков өзінің Instagram парақшасында мәлім етті.
– Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша биыл 20 жыл бойы жөндеу жүргізілмеген орталық жағалауда күрделі жөндеу басталды. Жоба инвесторлар үйінен Естай көшесінен төменгі жағына дейінгі жұмыстарды қамтиды, – деп жазды қала әкімі.
Оның сөзінше, барлық баспалдақтар жөнделіп, субұрқақтардың жиектері мен каскады ауыстырылады. Сондай-ақ, инвесторлар үйінің жанындағы бақылау алаңын қайта құру бойынша жұмыстар басталды. Қалған жұмыстар келесі жылға ауысады.
Хасар Хабылбеков ТҮКШ бөліміне мердігерлермен бірлесіп, жүргізілген жұмыстардың сапасын ерекше бақылауға алуды тапсырды.