23 наурызда Павлодар облысында аздаған жаңбыр жауады

23 наурызда Павлодар облысында аздаған жаңбыр жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Күндіз ауа температурасы +7°C дейін көтеріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы -5...-10°C болады. Облыстың оңтүстігінде -2°C. Жауын-шашынсыз, жолдарда көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +2...+7°C, облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Желдің жылдамдығы секундына 7–12 метрге дейін жетеді.

Павлодар қаласында түнде -7...-9°C. Күндіз +3...+5°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман болады деп болжанады.