24 сәуірде Павлодар облысында қайтадан күн суытады

24 сәуірде Павлодар облысында қайтадан күн суытады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Аздаған жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің хабарлауынша, облыста түнде ауа температурасы +2…+7°С, облыстың солтүстігінде -1°C, күндіз +10…+15°C болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді, облыстың батысында екпіні 15-20 метрді құрайды.

Жауын-шашын күтілмейді.

Павлодарда сынап бағанасы түнде +3…+5°C, күндіз +12…+14°C көрсетеді. Бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.