25 қарашада Павлодар облысында қар жаумайды

25 қарашада Павлодар облысында қар жаумайды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, сейсенбіде -2...+3 °C-қа дейін жылынады. Жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Павлодарда сынап бағанасы күндіз 0...+2 °C-ты көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман болады.