25 маусымда Павлодар облысында жаңбырлы ауа райы күтіледі

25 маусымда Павлодар облысында жаңбырлы ауа райы күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрді құрайды, күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 23 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы +16...+21°C болады. Облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Күндіз ауа температурасы +28...+33°C-қа дейін көтеріледі. Жаңбыр жауып, найзағай болады, облыстың батысы мен солтүстігінде бұршақ түсіп, дауыл соғуы мүмкін.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы +17...+19°C. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз.

Күндіз +30...+32°C. Ауыспалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ болуы мүмкін.