28 қаңтарда Павлодар облысында күн ашық болады
Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазигдрометтің мәліметінше, сынап бағанасы -18...-23°C, облыстың оңтүстігінде -15 °C-ты көрсетеді. Жауын-шашынсыз. облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Павлодарда ауа температурасы -19...-21 °C-қа дейін төмендейді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады.