29 наурызда Павлодар облысында қатты жел болады
Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз болады.
Оңтүстік-батыстан жел соғады, секундына 15-20 метрді құрайды.
Ауа температурасы түнде 1-3, күндіз 15-17 градус жылы болады.
29 наурызда және 30 наурызда түнде метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың сейілуіне ықпал етеді.
Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейі төмен болады деп күтілуде.